Республикалық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы «Физхимик-2023» халықаралық пәндік олимпиадасы

2023 жылдың 22-23 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы ҚР ҰҒА құрметті академигі Оспанов Хабибулла Құсайынұлының 90 жылдығына орай «Физикалық химия» пәні бойынша халықаралық пәндік олимпиада өткізеді.

 

Академик Оспанов Хабибулла Құсайынұлы көптеген минералдардың іріктеп еріту процестерінің термодинамикалық және кинетикалық сипаттамалары саласындағы белгілі химик, қазақ тілінде физикалық химия оқулығыңың авторларының бірі, қоғам қайраткері«Ғылым» номинациясы бойынша «Платина Тарланы» Жалпыұлттық Тәуелсіз сыйлығының (ең жоғары сыйлық) лауреаты және «ХХІ ғасырдың көрнекті ғалымдары» («Outstanding Intellectuals of the 21st Century», Кембридж, Англия», Кембридж, Англия) кітабына енді. Оспанов Х.К. – қазіргі Қазақстан тарихындағы төрт әлемдік жаңалық ашқан жалғыз ғалым. 2011 жылы сутек энергетикасы жөніндегі халықаралық қауымдастық (Майами, АҚШ) оның кандидатурасын химия саласындағы Нобель сыйлығына номинант ретінде ұсынған. Сондай-ақ ол 1200-ден астам ғылыми еңбектерін жариялады. Оның ішінде КСРО өнертабыстарына және РҚ патенттеріне 130-дан астам авторлық куәлік алынды. Сонымен қатар 20 ғылыми монография, оның бесеуі Англияда, екеуі Германияда, біреуі Ресейде жарық көрді және 2 АҚШ патентін иеленді. Оның жетекшілігімен 45 кандидаттық және 6 докторлық диссертация дайындалып, қорғалды.
(1932 - 2022)  

           

 

Олимпиаданы өткізу тәртібі

 

            Олимпиада онлайн түрде өтеді. Олимпиадаға жоғары оқу орындарының химия мамандықтары бойынша 2-3 курс студенттері қатыса алады.

           

            Олимпиада 2 кезеңде өтеді:

            - бірінші кезең 30 сұрақты қамтитын тест тапсырмалары түрінде ұсынылады. Максималды балл – 30.

            - екінші кезең 3 есептік тапсырманы орындаудан тұрады. Максималды балл – 70.

 

            Олимпиаданың бірінші кезеңінде қатысушы студенттерге Kahoot! платформасында тапсырмаларды орындау үшін 30 минут беріледі.

          Екінші кезеңді орындау үшін 180 минут беріледі. Есептік тапсырмалар Microsoft Word-та ЖОО, қатысушының тегі, инициалдары көрсетіле отырып орындалады. Жұмыстар жоғарыда көрсетілген уақыт аяқталғанға дейін (180 мин) электрондық форматта physchem.kaznu@gmail.com поштасына тексеруге жіберіледі. Файл қатысушының тегі және атымен аталады.

 

Тіркеу

 

            Олимпиадаға қатысатын жауапты тұлғалар мен оқушылар ұйымдастыру комитеті белгілеген мерзімде электронды нысан арқылы электронды тіркеуден өтеді. Тіркеу 2023 жылдың 19 ақпанында сағат 24:00-де аяқталады.

 

Тіркелу сілтемесі:

            - Қатысушының тіркеу нысаны:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdfMsfOHNCzo-wCm2R6kABZ6gBkDo4cACBc3-VtfS1WY8Vf1w/viewform?usp=sharing

            - Студенттердің олимпиадаға қатысуына жауапты тұлғаларға арналған нысан:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScMmCvFmGAtsQXWvAoKiECinqSqrFvcy9NsJZ_8lOgTaVPo_A/viewform?usp=sharing

 

Апелляция


            Олимпиаданың нәтижелері жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде келіп түскен жазбаша шағымдар мен өтініштер Апелляциялық комиссияға онлайн нысанда беріледі.

            - Апелляциялық өтініш нысаны:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdw_KtY_clt9RA7XPWTDTIG5uKDUXb4F5li5D2t3Ac1BblccA/viewform?usp=sharing

 

Олимпиаданың ережесін сілтеме бойынша жүктеуге болады:

Положение об олимпиаде.pdf

 

Пән бағдарламасын сілтеме бойынша жүктеп алуға болады:

Программа дисциплины.pdf

 

Олимапиада бағдарламасын сілтеме бойынша жүктеп алуға болады:

Программа олимпиады.pdf

 

 

Физикалық химия бойынша олимпиада —халықаралық ынтымақтастыққа тағы бір қадам!

2022 жылғы 26-мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан Республикасына ресми сапары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылуы өтті. Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнай-химиясы кафедрасы 2023 жылғы 22-23 ақпанда ҚР ҰҒА құрметті академигі Хабибулла Құсайынұлы Оспановтың 90-жылдығына арналған республикалық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері арасында алғаш рет "Физхимик–2023" халықаралық пәндік олимпиадасын ұйымдастырып, өткізді.

Оған қазақстандық студенттермен қатар И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің студенттері де қатысты. Олимпиада онлайн форматта, екі кезеңде өткізілді: тест және есеп тапсырмаларын орындау. Жарыс нәтижесінде І, ІІ дәрежелі дипломдармен, 100000 және 75000 теңге материалдық ынталандырумен ҚазҰУ студенттері Жақсыбай Бағашар, Ергешов Мақсат марапатталды, 3 орынды ҚазҰУ студенті Асқар Мұқанов және И. Арабаев атындағы ҚМУ студенті Оғұлай Ташматова (50000 теңгеден) бөлісті. Олимпиада қатысушыларына сертификаттар берілді. Олимпиаданың демеушісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетінің физикалық химия кафедрасының түлегі, Х.К. Оспановтың шәкірттерінің бірі Қарлығаш Қабиденқызы Алдабергенова (Әубәкірова) болды.


Физикалық химия, катализ және мұнай-химиясы кафедрасының доцентінің м. а.

Искакова Р.А., Наренова С. М., Усипбекова Е.Ж.

 

   
Кафедра меңгерушісі мен олимпиада жеңімпазы Жақсыбай Б.
  Кафедра меңгерушісі мен олимпиаданың I, II, III орын жеңімпаздары
   

 Кафедра профессоры Оспанова А.Қ. мен II орын иегері Ергешов М.

 

Кафедраның доценті Тусупбекова А.С. мен III орын иегері Муканов А.