Ғылыми семинар

12.03.2020 жылы химия және химиялық технология факультеті физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының 2 курс Л.У. Кребаева «Ұзынтізбекті α-олефиндер синтезі үшін ауыр көмірсутектерді крекингілеудің жаңа катализаторларын жасау» тақырыбында ғылыми жұмысын талқылау семинары өткізілді. Семинар кафедраның 2019-2020 оқу жылының жоспарына сәйкес бекітілген кесте бойынша өткізілді. ДҒЗЖ талқылау семинарына физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының меңгерушісі х.ғ.д., профессор Е.А.Аубакиров, ғылыми жетекші х.ғ.д., профессор С.Р. Қоныспаев және кафедра оқытушылары мен докторант, магистранттары қатысты. Ғылыми жұмысты талқылау аясында докторонттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жасалған ізденістері мен зерттеу жұмыстары туралы хабарлама жасалды. Хабарламада зерттеуші жаңа катализаторды дайындау нәтижелерін айқындау мақсатында мессбауэрлік спектроскопия, электронды микроскопия, рентгендифрактометриялық және элементтік талдау нәтижелеріне жүгіне, қорытынды жасаған. Зерттеу нәтижелері мазмұны мен көлемі бойынша жақсы құрылымдалған, докторантқа қойылған тапсырма-талаптарға сәйкес келеді. Ғылыми зерттеу нәтижелерін баяндау электронды слайдтар түрінде сүйемелмелденумен жүзеге асырылды. Зерттеу деректері кесте және замануи жабдықтардың бағдарламалық жүйесі арқылы алынған графиктер мен суреттер түрінде көрнекі көрсетілді. Бұндай деңгейде берілген хабарлама қатысушылар арасында сұрақтар қойылып, қызу талқыланды. Талқылау соңында профессор С.Р. Қоныспаев докторантқа жетістіктер тіледі.

Басылым күні :  30.03.2020