BABES-BOLYAI (Romania) университетінің оқытушылары кафедрада

BABES-BOLYAI” (Romania) университетінің оқытушылары: асс.профессор, доктор Alexandra Ana CSAVDARI, асс.профессор, доктор Castelia Eugenia CRISTEA, профессор, доктор Vasile Mircea CRISTEA әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетіне келді. Аталған оқытушылардың келуі Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдың 15-20 сәуір аралығына жүзеге асады. Профессор, доктор Vasile Mircea CRISTEA химия және химия-технологиялық процестерді моделдеу және автоматтандыру, асс. профессор, доктор Castelia Eugenia CRISTEA органикалық қосылыстарды синтездеу саласының маманы. Асс. профессора, доктор. Alexandra Ana CSAVDARI гомогенді және гетерогенді процестердің кинетикасын зерттеумен айналысады.

“BABES-BOLYAI” университетінің оқытушылары ҚазҰУ-дың тарихы, жетістіктері және дамуының жоспары жайлы ақпарат беретін университет кітапханасын, мұражайын аралады. Олар химия-технологиялық мамандықтар бойынша бакалавриат, магистратура, докторантурадағы оқу процесінің ұйымдастырылуымен танысты. Факультеттегі кафедралардың ғылыми бағыттары жайлы ақпарат берілді. Румындық қонақтар сонымен қатар зерттеу және талдау әдістерінің физика-химиялық орталығы, жану мәселелері институтын аралады.

19 сәуірде “BABES-BOLYAI” университетінің оқытушылары физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен (жауапты оқыт.: Сыздықова Л.И., Батырбаева А.А., Оспанова А.К., Тусупбекова А.С., Сейлханова Г.А., Жусупова А.К., Ажигулова Р.Н., Усипбекова Е.Ж.) өткен «League of chemists» конкурсына қатысты. Румындық оқытушылар органикалық, бейорганикалық химия, катализ және мұнайхимия бойынша сұрақтар дайындады. Конкурстың студент-қатысушылары жақсы теориялық және практикалық білім көрсетті.

 

Профессор, х.ғ.д. Сейлханова Г.А.

Басылым күні :  04.05.2019