Жас әл - Фараби мектеп оқушылары арасындағы VI ғылыми – зерттеу конференциясы

22 ақпан 2019 жылы әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Жастар – Қазақстан болашағы» тақырыбында «Жас әл - Фараби» мектеп оқушылары арасындағы VI ғылыми – зерттеу конференциясы өтті.

«Химия» секциясы бойынша химия және химиялық технология факультетінде жұмыс жүргізілді. № 126 лицей (Алматы), НЗМ (Алматы),          № 15 гимназия (Алматы), ҚазҰУ бейіндік мектебі (Алматы), № 26 (Алматы), № 175 (Алматы), НЗМ (Орал), № 131 лицей (Алматы), № 130 гимназия (Алматы) секілді мектептің оқушылары конференцияға қатысты. Оқушылар химияның әртүрлі салалары бойынша ғылыми –зерттеу жұмыстарын қорғады.

Конференция барысында жұмыстың безендірілуіне, жаңашылдығына, өзектілігіне, жұмыс мақсатына, презентацияның дұрыс безендірілуіне, теориялық және тәжірибиелік бөлімдерге, баяндамашының шешендігіне, сұрақтарға жауаптың жүйелілігіне баса назар аударылды.

Көптеген жұмыстар практикалық бөлімі Республикамыздың алдыңғы қатарлы ғылыми – зерттеу орталықтарында орындалған. Оқушылар арасында ұсынылған жұмыстардың ішінде ҚазҰУ бейінді мектебі 10 – сынып оқушысы Амалбеков Н. «Ауыр мұнай қалдығынын кокс алу процесі» атты еңбегін, сонымен қатар Алматы қ. № 175 гимназиясы 10 – сынып оқушысы Мұратбек Д. «Суды тазартуда бейорганикалық сорбенттерді пайдалану» тақырыбындағы жұмысын ерекше атап өтуге болады. Аталмыш жұмыстар бүгінгі таңдағы өзекті және жаңа бағыт болып табылады.

«Перспективы переработки пищевых отходов в условиях городской квартиры» тақырыбындағы жұмыс иесі Алматы қ. № 15 гимназиясы 8 – сынып оқушысы Өзбек Темірлан конференция нәтижесінде барлық қойылған талаптар бойынша жоғары балға ие болып, I орын иегері атанды.

Басылым күні :  14.03.2019