Білім алушылардың үлгерімін бағалау

Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының 101 А ағылшын тобында өткен кураторлық сабақта білім алушылардың үлгерімін аттестациялауда кейбір өзгерістер туралы ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен ережемен жан-жақты таныстырылды. Өзгерістерге сәйкес қысқы сессияда аттестациялау қорытындысында С+ шкала жақсы деген баға болып табылатыны және жаңа баға FX енгізілгені, оны санмен өрнектесе FX (25-49) және F(0-24) тең екені айтылды. FX (25-49) студентке пәнді қайтадан толық өтпей, екі рет қайтадан ақылы түрде емтихан тапсыруға және шәкірт ақы алуға мүмкіндік береді. Екі рет емтиханды қайта тапсырғанда қанағаттанарлықсыз баға алса оқудан шығарылады. F(0-24) бағасын алған студент қайтадан пәнге жазылып оқу бағдарламасына сәйкес толық курсты ақылы түрде өтеді.Енгізілген өзгерістер білім сапасын арттыруға талапты күшейтеді және студенттің өз білімінің стандарт талабына сай болуына қадам жасауға, бәсекелестікке білімі жоғары мамандардың тәрбиеленуіне мүмкіндік берері сөзсіз.

 

Басылым күні :  12.01.2019