Қазақстан тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мейрамы

12 желтоқсан 2018 жылы «Қазақстан Республикасының тәуілсіздік күні» тақырыбында 301 ОЗХТ мамандығы ағылшын тобының қатысуымен кураторлық сағат өтті. Студенттер Қазақстан Республикасының қалыптасуы және дамуы тцуралы ғылыми деректер келтірілген слайд ұсынды. Қазақстан тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мейрамы. Бұл мейрам елімізде жыл сайын 16 желтоқсан күні тойланады. «Қазақстан тәуелсіздік күні» дәл осы күні тойлануы бекер емес. 16 желтоқсан 1991 жылы Қазақстан Жоғары Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және егемендігі туралы заң қабылдады. КСРО тарағанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы посткеңестік одақтастар арасында мемлекеттік егемендігін жариялаған соңғы ел болды

Басылым күні :  28.12.2018