Тұңғыш президент күні

28 қараша 2018 жылы «Тұңғыш президент күні» тақырыбында 301 ОЗХТ мамандығы ағылшын тобы студенттерінің қатысуымен кураторлық сағат өтті. Студенттер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы мерекелік презентация ұсынып, негізгі тарихи мағлұматтар ұсынды. 10 желтоқсан 2011 жылы Қазақстан Республикасы парламенті сенатымен ««Қазақстан Республикасының мейрамдары туралы» заңына толықтырулар енгізу» туралы Заң қабылдады. Аталмыш құжатқа орай, 1 желтоқсан тұңғыш президент күні болып белгіленді. Сонымен, бұл мейрам 2012 жылдан бастап елімізде тойлануда. Қазақстан тұңғыш президенті күні Республикамыздың бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан орасан зор үлесін ескере отырып бекітілген.

Басылым күні :  28.12.2018