Бакалавр студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасында

21 қараша 2018 жылы 4 курс студенті Тасболат Адина «Research Internships» атты семинар өткізді. Семинарға Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Семинар барысында Адина Gwangju Institute of Science and Technology Оңтүстік Кореядағы (2017) және АҚШ – тағы Carnegie Mellon University (Pittsburgh, PA) (2018) қысқа мерзімді тағылымдамалардан алған әсерімен бөлісті. Аталмыш іс – сапарлардың демеушілері: GIST Global Intern Program бағдарламасы және Шахмардан Есенов атындағы қор. Тағылымдама барысында Адина мынандай құрал – жабдықтарда жұмыс жасап үйренді: MALDI ToF mass spectrometer, NMR spectrometer, UV spectrometer, технике stopped flow, Dynamic Light Scatering. Ол сонымен қатар, профессорлардың семинарларына қатысып, әлемнің түкпір – түкпірінен жиналған, өзі секілді ғылым шыңын бағындыруды мақсат тұтатын студенттермен танысты.

Басылым күні :  28.12.2018