Кайзерслаутерн қ. Техникалық университетімен серіктестік

ҚР БҒМ шетелдік профессорларды оқытушылық қызметке тарту бағдарламасы аясында әл – Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасына 9 мен 24 қазан аралығында 2018 жылы Кайзерслаутерн қ. Техникалық Университеті профессоры Хельмут Зитцманн факультет студенттеріне лекция оқуға шақырылды. Ол «Inorganic Structural Chemistry», «Homogeneous Catalysis» және «Elements and Chemicals from Minerals» тақырыптарында лекция оқыды.

Профессор Х.Зитцманн координациялық, құрылымдық химия және гомогенді катализ саласы бойынша белгілі ғалым және де Ұлыбритания, Франция және Корея университеттеріне лекция оқуға шақырылды. Ол «Angewante Сhemie», «Journal of Organometallic Chemistry», «Organometallics», «Chemical Review», «Inorganic Chemistry» секілді журналдарға жарияланған жоғары импакт – факторлы 100 аса ғылыми еңбектердің авторы, Хирш индексі (h-index) 27. Профессор Х.Зитцманн «6D073900- Мұнайхимиясы» мамандығы PhD докторантының шетелдік ғылыми жетекшісі болып табылады.

Студенттер профессор Хельмут Зитцманн оқыған лекциялық курстан көптеген қажетті мағлұматтар алып, ол кісімен жақынырақ тілдесу мүмкіндігіне ие болды.

Басылым күні :  26.11.2018