Онлайн-конференция

15 сәуір 2015 жылы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы және  география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасымен бірге Қазақстанның биылғы жылы мектеп бітіретін түлектермен он-лайн режимде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Конференцияға Оңтүстік Қазақстан облысының, Балқаш қаласының, Павлодар облысының, Алматы, Атырау қалаларының, Алматы облысының мектептерінің оқушылары қатысты. Конференция жұмысы барысында оқушылар еліміздің алдыңғы қатардағы оқу орыны –ҚазҰУ туралы толық ақпаратты, университет дайындайтын мамандықтар саны жайлы мағұлматты алды. Екі факультетте дайындалатын мамандықтар туралы толық ақпаратты факультет деканы, профессор Оңғарбаев Е.Қ. және кафедра меңгерушісінің орынбасары Шакен А.Ш. беріп, ол тиісінше мамандықтарды көрсететін бейнероликтермен ұштастырылды. Он-лайн режимде ұйымдастырылатын кәсиби бағдар беру жұмыстарының берері мол, ол бірмезгілде алыс жатқан еліміздің әрбір региондарындағы мектеп оқушыларына университет және онда дайындалатын мамандықтар туралы ақпаратты сұрақ-жауап түрінде алуға толық мүмкіндік бар.

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы  

Рекреациялық география және туризм кафедрасы

Басылым күні :  26.04.2015