26 қараша - Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күні

2018 жылы 27 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррестің Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жоюдың  күніне арналған гендерлік теңдік туралы бастамаларын қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушы ҚазҰУ-дың Әйелдер одағы болып табылады, оның төрағасы - ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Джолдасбекова Баян Өмірбековна.

Басылым күні :  13.12.2018