"Салауатты өмір салты - орыс, қазақ және шығыс ақындарының айтуымен"

«Дені  сау адам мәдениеті»  жобасы   бойынша 

«Салауатты  өмір  салты -  орыс,  қазақ  және шығыс  ақындарының  айтуымен»  тақырыбының  айналасында  өткен  іс – шараның  есебі.

Өтілген  күні: 24.04.2015ж.

Өтілген  орны: : 3-9  дәрісхана

Өтілген  уақыты: 13.20 – 14.30

Қатысушылар: Филология, әдебиеттану және  әлем тілдері  факультетінің 1 курс магистранттары  мен  Орыс тілі мен әдебиеті  мамандығының  3 курс студенттері.

Ұйымдастырушылар:  Орыс  филологиясы, орыс және әлем  әдебиеті кафедрасының  доценттері  Сарсекеева Н.К.,  Мейрамгалиева Р.М.

Бағдарлама

1. Әлемдегі  және  Қазақстандағы  зиянды  әдеттер  және  нашақорлықтың  зардабы  туралы  кіріспе  сөз.

2.  Николай  Заболоцкий,  В. Маяковский  және  т.б  ақындардың  өмірі  мен  шығармашылығы  жайында  мәлімет.

3.    Денсаулық   жайында  өлеңдер  оқу.

4.    Зиянды   әдеттер  жайында  көзқарастар  алмасу:  денсаулықты  сақтауға  шақыру.

 

    Денсаулық және зиянды әдеттер  жайындағы  іс – шараның  кіріспе сөзін  орыс  филологиясы,  орыс  және  әлем  әдебиеті  факультетінің  оқытушы - доценті  Сарсекеева  Наталья  Канталиевна  В.  Маяковскийдің  омірінен  мысалдар  ала  отырып  бастады.

   Әрі  қарай  іс – шараны  орыс  тілі  мен  әдебиеті  мамандығының  студенттері  мен  магистранттары   жалғастырды.

1 Нашақорлықтың  әлемдегі  және  Қазақстан  аумағындағы  зияндылығы  туралы   Әбділда  Дамир  сөз  қозғады.

2 Абайдың  денсаулық  жайындағы  өлеңін  Бекмағамбетов  Мәди  қазақ  тілінде  оқыды.

3 Нұрмолдаев  Дарын  М. Мақатаевтың  өмірінен  мысалдар келтіріп, өлеңдерін  оқыды.

4 Омарова  Сымбат  Н. Заболоцкийдің  өмірі  мен  шығармашылығы  жайында  презентация  дайындап,  оның  бірнеше  өлеңдерін  талдады.

5 Н. Заболоцкийдің  өмірбаянын  Өмірзақ  Жансая  қызықты  деректермен  толықтырды.

6 Серікбаева  Нұрзина  Н. Заболоцкийдің  « Сохранение  здоровья»  атты өлеңін оқыды.

7 Жеңіс  Нұрайым  У. Уйтмен  және  ағылшын  тіліндегі  өлеңдер  жайында  ақпарат  дайындады.

8 Тәттімбетова Жібек, Лу  Син  және  ежелгі  қытай  өлеңдері  туралы  ақпарат  берді.

       Орыс  тілі  мен  әдебиеті  мамандығының  3  курс  студенттері  дәрісхананы  іс – шараның тақырыбы   жазалған  плакатпен,  белгілі  ақындардың  өлеңдерімен, портреттерімен безендірді.

      Денсаулық  және  дені  сау  адам  мәдениеті  туралы  айтып  кеткен  ақындардың   өмірі мен шығармашылықтары   жайында  магистранттар  слайд  дайындады.

    Қорытындылай   келе, филология, әдебиеттану  және  әлем  тілдері  факультетінің  оқытушы – доценті   Мейрамғалиева  Р.М   парсы  ақыны  Омар  Хаямның  өмірінен  деректер  келтіре  отырып,  талқыланып  отырған  мәселеге  өз  көзқарасын  білдірді.

     Іс – шара денсаулықты  сақтауға  шақырумен  аяқталды.

Басылым күні :  03.05.2015