Кәсіби бағдар беру жұмысы шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс – болашаққа қадам!» атты кәсіби бағдар беру тренингін өткізді.

«Ресей ақын-жазушылары»

«100 кітап» жобасы аясында

2018 жылдың 17 мамыры күні әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының  Әлеуметтік жұмыс мамандығының 4 курс студенті Қалдыбек С.Т Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінде кәсіби бағдар беру жұмысы шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс – болашаққа қадам!» атты кәсіби бағдар беру тренингін өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты - білім беру профилін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау үрдісінде мектеп оқушыларына және колледж студенттеріне кәсіби бағдар беруді қамтамасыз ету; өздерінің мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында оқушылар арасында кәсіби өзін-өзі анықтауды дамыту, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы және оның болашағы туралы ақпарат беру.

Тренингте мектеп оқушылары мен колледж студенттері «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының тарихы мен болашағы, әр түрлі саласы мен бағыттарымен танысып, өз сұрақтарын ортаға салды.

Өтетін орны: г. Алматы, Маметовой, 69, Алматинский финансово-правовой и технологический колледж, Акт зал №2; 

Уақыты: 17.05.2018г., 10:00 

Тәжірибе жетекшілері: Г.С. Абдирайымова., Н.У. Шеденова, Д.К. Мамытқанов, «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 4 курс студенті Қалдыбек С.Т.

 

Басылым күні :  30.05.2018