Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің қоғамдастығы

1)  Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы ЮНИСЕФ-пен бірге 2020 жылдың мамыр айынан бастап «ЮНИСЕФ-ЕС көші-қон процестеріндегі балаларды қорғау бағдарламасы аясында Қазақстандағы әлеуметтік нормалар мен мінез-құлықты өзгерту бойынша жеке деңгейде және қоғамдастықта өзара қарым-қатынас жасаудың негізгі құзыреттерін ескере отырып, әлеуметтік жұмыс функцияларын жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкерлер мен мамандарды жоғары оқу орнына дейінгі және жоғары оқу орнынан кейінгі даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламаларын жетілдіру туралы» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Жоба жетекшісі - профессор Абдирайымова Г.С.

Жобаның негізгі нәтижелері:

  • Көші-қон процестерінде балаларды қорғау бойынша қызмет көрсетушілердің әлеуетін күшейту.
  • ЮНИСЕФ, Колумбия университеті, Колумбия университеті жанындағы Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы, Қазақстандағыәлеуметтікнормалар мен мінез-құлықөзгерістерітуралынегізгі тұлға аралық және қоғамдастық құзыреттіліктері бойынша оқу бағдарламаларын бейімдеу. 
  • Университеттер мен тренерлер арасында әлеуметтік қызметкерлерге арналған кәсіби дайындық қадейінгі және кейінгі оқу жоспары бойынша білімалмасу жүйесіннығайту. 

2)  Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы (Абдирайымова Г.С., Қылышбаева Б.Н., Морозова Т.А., Кенжакимова Г.А., Бурханова Д.К., Серикжанова С.С., Мустафина А. Колумбия университетімен (CU), Қазақстандағы ЮНИСЕФ-пенсеріктесеотырып«Құзыреттіліктерді қалыптастыру: тұлғааралық қарым-қатынас және қоғамдастықпен байланыс» оқу бағдарламасыбойынша оқытылды. Оқу бағдарламасы Колумбия университетінің әлеуметтік жұмыс мектебі (КУӘЖМ) мен Орталық Азиядағы ғаламдық денсаулықты зерттеу орталықтарынан (ОАҒДЗО) құралғанӘлеуметтік интервенция тобының Еуропа мен Орталық Азиядағы ЮНИСЕФ бөлімдері (EОА) және Албания, Грузия және Қазақстандағы ЮНИСЕФ кеңселерінің серіктестігі себебінен әзірленді және жүргізілді.

Курс Қазақстандағы әлеуметтік қызмет мамандарының (SSW) негізгі практикалық құзыреттіліктерін нығайтуға және балалармен, отбасылармен, топтармен және қоғамдастықтармен, соның ішінде көші-қоннан зардап шеккен жандармен әлеуметтік жұмыс процесінде қатысушылардың жеке және қоғаммен өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға бағытталған.

 

3)  Оқыту нәтижесінде академиядан келген 33 дайындалған жаттықтырушылардан, сондай-ақ балалармен жұмыс жасайтын практиктерден тұратын практиктер қоғамдастығы құрылды.Біздің университет практиктер қоғамдастығын фасилитациялауда жетекші рөлге ие.

 

Практиктер қоғамдастығы дегеніміз не?

 

Практиктер қоғамдастығы ұжымдық оқу процесіне ортақ жоба немесе ортақ мақсат үшін қатысатын адамдар арқылы құрылады. Практиктер қоғамдастығы (CoP) - бұл әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін ұсынылған оқу материалдарын қолдану әдістері мен стратегиялары туралы білімді бөлісуге мүмкіндік береді. Қауымдастықтар кәсіпқойлар білгісі келетін белгілі бір ортақ қызығушылықтар немесе тәжірибелер айналасында шоғырланған. Бұл қоғамдастықтардың басты құндылығы - білім алмасу. 

 

 

4)  Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) және қолданбалы әлеуметтік ғылымдар кафедрасының (Гонконг политехникалық университеті) Н.Назарбаев Қорының қолдауымен ұйымдастырған «Әлеуметтік жұмыс саласындағы білім беру мен ғылыми зерттеулердің потенциалынонлайн түрде арттыру» атты Орталық Азия семинары аясында(2020 ж. 14-15 қазан)практиктер қоғамдастығының екінші жиналысы және негізгі спикерлердің:Анна Мария Кампанини - Халықаралық әлеуметтік жұмыс мектептері қауымдастығының президенті; Анджелина Вон Ки Юэн-Цанг - Гонконг политехникалық университетінің қолданбалы әлеуметтік ғылымдар кафедрасының құрметті профессоры; Абдирайымова Г.С. - әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс бөлімінің меңгерушісі; Хок Бун Ку - Қытай ғылыми-зерттеу желісінің директоры: Умеда Муннаварова - бағдарламаның үйлестірушісі, Тәжікстандағы Каритас Германия қауымдастығының филиалы және т.б. сөз сөйлеуі өтті.

 

5)   2020 жылдың 29 қазанында практиктер қоғамдастығының үшінші жиналысы аясындаәлеуметтік жұмыс және сабақтас салаларда оқитын студенттерге арналған негізгі құзыреттіліктерді талқылау жәнебазалық дағдылар курсына бейімдеу қарастырылды. Талқылауға қатысқандар: Абдирайымова Г.С. - әл-Фарабиатындағы ҚазҰУәлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі;Иманбекова Б.И. - ҚазҰЖПУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі;Абдрашева Б.Ж.- Букетоватындағы ҚарМУ әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі;Абенова К.А.- Доцент, Нархоз университеті; Есімова Д.Г. - PhD (Л. Гумилев атындағы ЕҰУ) 

6)   2020 жылдың 2-желтоқсанында жобаны жүзеге асыру аясында ЮНИСЕФ-пен бірге тәжірибелі-әлеуметтік жұмысшылар қауымдастығының кездесуі өтті.Оған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушылары (Әбдірайымова Г.С., Қылышбаева Б.Н., Кенжакимова Г.А., Бурханова Д.К., Серікжанова С.С., Мұстафина А.);ЮНИСЕФ өкілдері (Адерихина Т.А.); Колумбия университетінің Әлеуметтік жұмыс мектебінен (Тим Хант, Людмила Ким, Машхура Акилова); ОА-дағы Жаһандық Денсаулықты Зерттеу Орталығы (Примбетова Ш., Нұрқатова М.);ЖОО-ның оқытушылары және ҮЕҰ-ның өкілдері мен әлеуметтік сала ұйымдары қатысты. Кездесу барысында тренерлерді оқыту туралы алынған тәжірибелер мен пікірлерге шолу жасалды; Қазақстан, Грузия және Албаниядағы пилоттық тренингтерді бағалау нәтижелеріне талдау жасалды,сонымен қатар, жобаның келесі кезеңінде күтілетін келешектегі ынтымақтастықтың мүмкіндіктері де талқыланды.

7)  2020 жылдың 9-желтоқсанында Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының базасында "Құзыреттілікті қалыптастыру: тұлғааралық қарым-қатынас және бірлестікке тартылу" оқыту бағдарламасы бойынша"Әлеуметтік жұмыс" мамандығының (бакалавриат, магистратура және PhD докторантура) үш деңгейлі студенттеріне арналған "Әлеуметтік жұмыстағы кәсіби этика және кемсітушілікке қарсы тәжірибе" атты тренингтер циклі басталды,бұл бағдарламаны Колумбия университетінің Әлеуметтік жұмыс мектебі, Әлеуметтік интервенция тобы, Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қолдауымен ОА-дағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы әзірлеген.

8)2021 жылдың 20 қаңтарында, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы базасында профессорлық-оқытушылық құрам мен әлеуметтік жұмыс саласындағы жас мамандарға арналған "Әлеуметтік жұмыстағы этикалық мінез-құлық және дискриминацияға қарсы тәжірибе" атты сессиялар циклы басталды. Аталмыш семинар-тренинг Колумбия университетінің Әлеуметтік жұмыс мектебі мен Әлеуметтік интервенция тобының және Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің қолдауындағы Орталық Азиядағы Ғаламдық денсаулықты зерттеу орталығының атсалысуымен құрастырылған "Құзыреттілікті қалыптастыру: тұлғааралық қарым-қатынас және қауымдастықтарды тарту" оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып жүргізілді.  

9)2021 жылдың 25 қаңтарында әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі профессор Г.С.Абдирайымованың екі деңгей бойынша (бакалавриат, магистратура) оқу бағдарламасының үйлестірушісімен (Т.А.Морозова) және құрастырушыларымен Колумбия университетімен бірлескен жоба аясында әзірленген әлеуметтік қызметкерлерді даярлау бағдарламаларын талқылау және өзгерістер енгізу, пәндерді оқыту процесіне бейімдеу бойынша кездесуі өтті. Кездесуде сондай-ақ оқу бағдарламаларын,  ЖОО арналған әлеуметтік қызметкерлерді даярлау құзыреттіліктерін      жетілдіруге қатысты ұсыныстар талқыланды.