«Зерттеуші 2.0: Сандық дәуірдегі мамандық трансформациялау» Халықаралық әлеуметтанушылар марафонына қатысу

2017 жылдың 8 желтоқсанында ҚазҰУ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы Ресей қоғамдық пікірді зерттеу орталығы ұйымдастырған (Қоғамдық пікірді зерттеу ресейлік іскерлігіне 30 жылдығы құрметіне) «Зерттеуші 2.0: Сандық дәуірдегі мамандық трансформациялау» Халықаралық әлеуметтанушылар марафонына қатысты.

Іс-шара қоғам, өнеркәсіп және зерттеуші мамандық дамуының қазіргі тенденциялары және перспективалары талқылауға бағытталды. Тікелей байланыс барысында ВЦИОМ және басқа да зерттеу компанияларының қызметкерлері заманауи қоғамдағы талаптарына және әлеуметтік зерттеулер бағыты, әдістері мен тәсілдері туралы ең маңызды мәселелерді көтерді.

Студенттер, кафедра жас ғалымдары мен оқытушылары қолданбалы әлеуметтану саласындағы қазiргi тенденциялары туралы көптеген сұрақтарға жауап алу үшін, ғылыми-зерттеу саласының жетекші ғалымдары мен мамандарының қатысуымен өткен кәсіби диалогтың мүшелері бола алды.

Әлеуметтік марафон бірнеше тақырыптық сессиядан тұрды:

1. Қоғам. Негізгі үрдістер, зерттеу саласына әсер ету, болашаққа қоғам мен өнеркәсіптің дайындығы.

2. Зерттеу. Негізгі трендтер, жаңа әдістер мен технологиялар, сандық зерттеу, комбинация.

3. Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының бас директоры В. Федоровпен тікелей байланыс.

Басылым күні :  17.04.2018