"Механика" кафедрасының 1 курс докторанттары тәрбиелік іс-шара өткізді"Қазақстан Республикасының Ғарыштық техника және технологиялар саласындағы ұйымдарға жұмысқа орналасу перспективалары" тақырыбына

2021 жылдың 16 наурызында "Ғарыштық техника және технологиялар" (ҒТТ) мамандығы бойынша "Механика" кафедрасының 1 курс докторанттары: Тасова М., Қалыбекова А., Баден А., Жунусов Р. - "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында және "Космонавтика күнінің 60 жылдығына" орай, ҒТТ мамандығы бойынша "Механика" кафедрасының студенттерін жұмысқа орналастыру жүйесін тұрақты дамытуға бағытталған тәрбиелік іс-шара өткізді.

Тақырыбы: "Қазақстан Республикасының Ғарыштық техника және технологиялар саласындағы ұйымдарға жұмысқа орналасу перспективалары". 

Аталған іс-шараға механика кафедрасының бакалавриаттың 1-4 курс және магистратураның 1-2 курс студенттері қатысты. Жұмыспен қамту мәселесі қазіргі уақытта өткір болғандықтан, бұл шараның өзектілігі күмән тудырмайды. Ұйымдастырушылар іс-шараның барлық егжей-тегжейін мұқият ескерді, өйткені мұндай жиналыс студенттердің кәсіби салада да, еңбек бағытында да өзін-өзі жүзеге асыруына серпін береді. Сонымен қатар, студенттермен бірге механика кафедрасының өкілдері шақырылды:

  • ·       механика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м. ғ. к., доцент - Ракишева З. Б.,
  • ·       механика кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, ф.-м. ғ. к., доцент - Туралина Д. Е.,
  • ·       механика кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыс бойынша меңгерушісі, аға оқытушы - Досжан Н.С.

Шақырылған негізгі қатысушылар - "әлеуетті жұмыс берушілер":

  • ·       Бибосинов Асылхан Жәнібекұлы - "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
  • ·       Баталова Малика - "KazAeroSpace" ЖШС стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;
  • ·       Аипова Аягөз Асуланқызы - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ кеңістіктік деректер департаментінің су ресурстары мониторингі бөлімінің бастығы;
  • ·       Стюарт Джеймс Боулин - "Rakurs Tech" ЖШС басқарушы серіктесі, АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) сертификатталған ұшқышы;
  • ·       Сыдық Нұрмахамбет Қанатұлы - "Ионосфера институты" ЕЖШС секторының меңгерушісі.

Қатысушылардың тізімі бойынша тек еліміздің азаматтары ғана емес, сонымен қатар АҚШ-тың сертификатталған ұшқышы, оның ішінде ірі мемлекеттік және квазимемлекеттік салалардың өкілдері қатысқанын көруге болады.

Іс-шараға шақырылған спикерлердің әрқайсысы компанияның қызметі туралы, соның ішінде ҒТТ мамандығын нақтылау туралы ақпараттық презентациялар мен бейнероликтер көрсетіп, студенттерге кеңестерін берді.

Кез келген адам жұмысқа орналасу, еңбек практикасынан өту, ғылыми мақсаттар үшін спутниктен суреттер алу, ғылыми-материалдық қамтамасыз ету және т. б. сияқты өзекті тақырыптар бойынша жеке сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.

Біздің кафедраның студенттері ҒТТ мамандығы бойынша көптеген пайдалы ақпарат алды, сондай-ақ бұл мамандық салада қандай үлкен мүмкіндіктер беретінін білді: ғарыштық/спутниктік мониторинг, ғарыштық жобалау, Жерді қашықтықтан зондтау жүйелерінде, ТЖ құбылыстарын мониторингтеу және анықтау мүмкіндіктері мен жолдары, жоғарыда аталған барлық бағыттар ҒТТ мамандығымен қалай интеграцияланатынын білді. Іс-шара аясында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ғылыми-зерттеу бағытындағы өз мүмкіндіктерін көрді.

Мақала.pdf

Туралина Динара

Механика кафедрасы

Басылым күні :  18.03.2021