«Шапшаң, биік әрі күшті!» атты спорттық іс-шара өтті

 

   18.11.2017. сағат 9.00-14.00 аралығында ҚазҰУ спорт кешенінде Механика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Д.Е.Туралина мен 2-курс PhD докторанттарының ұйымдастыруымен «Шапшаң, биік әрі күшті!» атты спорт жарысы өтті.

    Спорттық жарысқа №8 жатақхана студенттері, Механика және ҒТТ мамандығы бойынша оқитын (барлығы 100-ден аса) студенттер, механика кафедрасының 2 курс PhD докторанттары (Кусембаева К., Шомшекова С., Рахимжанова А., Берденова Б., Колдас Ә., Хабидолда Ө., Гриценко П.) қатысты.  Спорттың жеті түрінен (футбол, волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс, бадминтон) студенттер арасында жарыс өтті. Жарысқа футболдан 5 команда, волейболдан 3 команда , тенниске 18 студент, шахматқа 9 студент, тоғызқұмалаққа 6 студент, арқан тартысқа 4 команда, бадминтонға 13 (барлығы 100 - ден аса ) студент қатысты.Аталған ойын түрлерінен келесі жеңімпаздар «Шапшаң, биік әрі күшті!» спорт сайысының сертификаттарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.



Басылым күні :  07.12.2017