Ынтымақтастық туралы Меморандум

Бүгін Алматы қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті мен "әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М.М. Бүркітбаев пен Алматы қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті басшысының орынбасары Қ.И.Керімқұлов Техникалық реттеу саласындағы мамандарды бірлесіп даярлау перспективаларын талқылады. Кездесуге Алматы қаласы бойынша ТРМКД бас маманы Нысанбек Ә.А., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің деканы Давлетов А. Е. және жылуфизика және техникалық физика кафедрасының меңгерушісі Болегенова С.А. қатысты. "Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)"дайындық бағыты бойынша бакалаврлар, магистрлер және PhD докторларын жылуфизика және техникалық физика кафедрасы даярлайды.

Басылым күні :  03.02.2021