«Жастар – Тәуелсіз еліміздің болашағы» атты ашық тәрбие сағаты

Қатысатысушылар:

1. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бойынша:

"Стандарттау және сертификаттау" мамандығының 2 курс – 247 топ студенттері. 

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының меңгерушісі, профессор - Бөлегенова Салтанат Алихановна, кафедра меңгерушісінің oқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары - Шортанбаева Жанар  Каиржановна,  физика-техникалық факультеттің аға кураторы - Эульбухарова Эльмира Мукановна, кафедра оқытушылары.

2. Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған тұлғалар.

Сабақтың мақсаты:

- Білім алушы жастарға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.

- Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған адамдармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

- Жастарды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта
тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздік бастауы - ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну.

Сабақтың көрнекіліктері: еліміздің рәміздері, қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларының және желтоқсан құрбандарын еске алу, желтоқсан оқиғасының болу себебі мен салдарлары туралы баяндамалық мәліметтер, видео материалдар.

Ссылка: https://us04web.zoom.us/j/4510255310?pwd=T3lwcnNjU0x4VHdOa2ZadjBla1Z0QT09

Басылым күні :  22.12.2020