«Genaral Import» ЖШС өкілдерімен кездесу

19 қазанда Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының меңгерушісі «Genaral Import» ЖШС басқарушы директоры - Ли Антонмен кездесті.
«Genaral Import» ЖШС компаниясы тендерлік жеткізулермен, жылу оқшаулаумен, сондай-ақ жылу энергетикасында инженерлік жұмыстармен айналысады.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
- жылу физика және техникалық физика кафедрасының студенттері мен магистранттарының практикасы;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
- Жылуэнергетика және Техникалық физика бағдарламалары бойынша жеке пәндерді әзірлеу;
- жұмыс берушімен бірге арнайы курстар әзірлеу;
- түлектерді жұмысқа орналастыру.

Компанияның веб-сайты https://gimport.kz/

Басылым күні :  21.10.2020