«Қош келдің әз – Наурыз» қашықтықтан тәрбие іс-шара

Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.

Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.

Осы орайда наурыздың 27-сі күні сағат 17-30 да физика-техникалық факультетінің жылуфизикасы кафедрасының оқытушылары Э.М.Зульбухарова, Қ.Бердіхан және  А.М.Максутханова  «Қош келдің-әз Наурыз» тақырыбында Университет көлемінде онлайн  іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты студенттерімізге ұлтымыздың дәстүрлерін дәріптеу. Іс шараны Қазірет ағайымыз жыр шашумен бастап берді. Студенттер де өздерінің ойларын айтып жақсы әсермен қоштастық. 

Топ кураторы Максутханова А.М.

Басылым күні :  04.05.2020