Студенттермен онлайн кездесу

2020 жылдың 29 сәуірінде жылуфизика және техникалық физика кафедрасының басшылығымен кафедра меңгерушісі С.А.Болегенова, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.К. Шортанбаева және ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары М.С. Исатаев, бакалаврдың 1-4 курс және магистратураның 1-2 курс студенттері үшін онлайн конференция өткізілді. Вебинарға деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Болегенова Сымбат Алихановна қатысты. Кафедра басшылығы жазғы емтихан сессиясын өткізу ережелері бойынша студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.Сұрақтар негізінен кешенді емтиханды өткізу тәртібі, дипломдық жұмыстар мен магистерлік диссертацияларды қорғау туралы болды.. Вебинарға барлығы 99 студент қатысты.

Басылым күні :  30.04.2020