Қазырет Бердіханға дауыс беріңіз!

11 сәуір күні «Қазақ Радиосының» толқынынан жаңа жоба — «Радио айтыс» онлайн жобасы эфирге шықты. «NurOtan» партиясының қолдауымен, «Қазақ радиосы», Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының ұйымдастыруымен өткен жобаның алғашқы жұбына Шұғайып Сезімхан мен Хазірет Бердіхан шығып, өнер көрсеткен болатын. Айтыс «Қазақ радиосының» толқынынан таралған болатын.

Қәзір еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мерейтойлардың аясында республикалық деңгейдегі айтыстар жиі ұйымдастырылып жатыр. Елдік,ерлік,бірлік хақында;ұрпақ тәрбиесі,ел болашағы жайында өрбіген,халықтық мәселелер қозғалған сөз сайыстарын насихаттау арқылы тыңдармандарды ұлттық рухпен сусындату.

#RadioAitys онлайн-жобасының алғашқы жеңімпазы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы Қазырет Бердіхан болды.

Әлеуметтік желілерде көптеген көрермендерге, физика-техникалық факультеттің оқытушылары мен студенттеріне көрсетілген қолдаудың нәтижесінде Қазырет Бердіхан лайықты жеңіске жетті. Айта кету керек, 802 пікірдің 434-і біздің әріптесіміз Казиретке берілді.

Физик болса да лирик, ақын, айтыскер бауырымыз Қазыретті құттықтаймыз!

Басылым күні :  30.04.2020