Әлеуметтік көмек

Осынау бәрімізге қиын заманда бүкіл әлем бір-біріне көмектесуге тырысады, соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазұу-да шетте қалған жоқ. Физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының 2-ші курс магистранты Асқар Құдыш Қ. Құдайберген қорының құрамында Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, әлеуметтік осал топтардан отбасына азық-түлік жиынтығын жеткізумен айналысады. Мұндай жасақтардың негізгі қызметі қысқа мерзімде көмекке мұқтаж адамдарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету болып табылады.

  Сондай-ақ, Алматы тұрғындарына Мырза Ахмет мешітінің басшылығы да осындай көмек көрсетті. Бірінші кезекте азық-түлік жиынтықтары көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және жалғыз басты қарт адамдарға жеткізілді.

Әрбір ерікті жеке қорғаныс құралдарымен және жеке қауіпсіздік үшін санитайзерлермен қамтамасыз етілді.

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы барлық азаматтарға алғыс білдіреді. Еріктілер әркім емес, тек қана күш, қуат және мұқтаждарға көмектесуге деген үлкен ықыласы бар адам бола алады. Осындай адами қасиеттері бар студенттер бар және Біз өз түлектерімізді мақтан тұтамыз. Рахмет, Асқар, саған және достарыңа!


Басылым күні :  30.04.2020