"Жастар жылына" орай тәрбие сағаты

2019 жылдың қараша айының 27 жұлдызында « Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің» «физика-техникалық» факультетінде, «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасында «Жастар жылына» орай «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының 275 және 277 топтары және «Техникалық физика» мамандығының 271 топтар арасында тәрбиелік сағат өтті.

2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, себебі тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанындағы жолдауында «2019 жыл-Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Қазақстан жастары-елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтар оларға үлкен үміт артылып отыр. Мемлекетіміздің нығая түсуіне бұрынғыдан да мол үлес қосу үшін енді жастар атсалысу керек. Жастар жылы- жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік, және сол мүмкіндікті жіберіп алмау басты мақсатқа айналуда.

Басылым күні :  14.01.2020