«5060400-Физика» мамандығы бойынша ХІ Республикалық пәндік олимпиада ІІ кезеңі

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «5060400-Физика» мамандығы бойынша 1 курс және 2 курс студенттері арасында ХІ Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.

Олимпиада таңертеңгі сағат 10-нан Республикамыздың 7 облысынан, атап айтатын болсақ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ (Нұр-Сұлтан), Букетов атындағы ҚарМУ (Қарағанды), Қожа Ахмет Йассауи атындағы ХҚТУ (Түркістан), Әуезов атындағы ОҚМУ (Шымкент), Жұбанов атындағы АӨМУ (Ақтөбе), Тараз инновациялық гуманитарлық университеті (Тараз) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ келген қонақтарды күтіп алумен басталды. Келген қонақтарға ҚазҰУ-нің құрылымен таныстыру жүргізіліп, факультеттің студенттерді мамандықтар бойынша даярлау бағыттары туралы айтылды. Олимпиада қорытындысы бойынша Караташ Хусейн, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші орынды иеленді, сәйкесінше 2 орын: Малгаждаров Абай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қуанышбеков Мейірбек, Букетов атындағы ҚарМУ және 3 орын: Найманбай Ұлбосын, Әуезов атындағы ОҚМУ, Баходиров Бекежан, Әуезов атындағы ОҚМУ, Нұрболды Нұрхия, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шауелбек Елнұр, әл-Фараби атындағы студенттер ие болды.

Басылым күні :  29.03.2019