Табиғат-адамзаттың өмір нәрі

Қазанның 21-і күні физика-техникалық факультеті, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының «5В071700-Жылу энергетикасы» мамандығының 2 курс студенттері Көкжайлау табиғи кешенінде болып қайтты.

Басты мақсат – студенттерді табиғат құндылықтарын сақтауға және табиғатты экологиялық жағынан таза ұстауға шақыру.Сонымен қатар табиғат аясында жақсы уақыт өткізіп қайту болды.

Табиғaтты аялау —әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады. Жасыл желекті ағаштарды, әсем гүлдерді,сайраған құстарды, жан жануарларды қорғау, өз қолымызда!

Осындай мақсатты ұстанған студенттер барша жастарды табиғат аясында жиі болуға шақырады. 

Басылым күні :  04.02.2019