Медеу мұз айдыны

Тәуелсіздік мерекесіне орай физика-техникалық факультеті, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының «5В071700-Жылу энергетикасы» мамандығының 2 курс студенттері Алматы қаласының мақтанышына айналған сүйікті орындарының бірі-«Медеу» мұз айдынында демалыс өткіздік.

Басты мақсат –Медеу шатқалындағы табиғаттың ең көрікті жеріне саяхат жасай тұра, қоршаған ортамен танысу, сонымен қатар демалыс уақытын көңілді өткізу.

Тау-жер бетінің ерекше биік тұстарының бірі.Тынығып, дем алуға таптырмайтын орын. Таза ауа мен табиғаттың сұлу да көрікті көріністері адамды қызықтыра қоймай, Алматының түбінде орналасқан Медеу спорт кешеніндегі мұз айдынында болмау мүмкін емес.

Осы мақсатты ұстанған студенттер барша жастарды демалыс күндерінде тауға жиі барып тұруға кеңес береді. 

Басылым күні :  04.02.2019