Өмірбеков атындағы Республикалық ЖОО 1 курс және 11 сынып оқушылары арасында физикадан және шахматтан турнир -2018

           Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы жыл сайын физика пәнінен  ұлағатты ұстаз, доцент Ж.Омирбековты еске алуға арналған  Республикалық олимпиада мен шахмат турнирін ұйымдастырды. Бұл іс-шара 2018 жылдың 23 қарашасында физика-техникалық факультетінде ҚазҰУ қабырғасында өтті. Қатысуға 1 курс жоғары оқу орындарының студенттері және облыстардан 11 сынып оқушылары қатысты.
            Осы шараның идеясы - қазақстандық оқушылардың білімдерін арттыру, студенттердің жаратылыстану-математикалық бағыттардағы танымдық қызығушылығы, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, табиғи және математикалық цикл пәндері бойынша оқушылар мен студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында жеңімпаздар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Демеушілік көрсеткен Өмірбеков Ж.Ө. отбасына алғысымызды білдіреміз. 

Басылым күні :  10.12.2018