21.06.23 ж 2-кәсіби-бағдар жұмысы

21.06.23 жылы 14:00-18:00 аралығында ҚазҰУ қалашығында ҰБТ тапсырушы талапкерлермен және олардың ата-аналарымен кәсіби бағыт-бағдар жұмысын жүргіздім. Физика-техникалық факультеттің барлық мамандықтарына шолу жасап таныстырып, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының мамандықтары туралы нақты ақпараттар мен мамандықтарының буклеттерін байланыс телефон номерлеріне жібердім. Ата-аналар мен талапкерлердің қай салаға қызығушылығы барын анықтап, сол мамандықтар жайлы ақпараттар берілді. Телефон номерлерімен алмасып, кейбір талапкерлер өздеріне нақты шешімдерін қабылдап, алдағы уақытта құжаттарын түгелдеп келіп тапсыруларын жоспарлауда.

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушысы 

Қалтай Толғанай Дәрібайқызы

 

Басылым күні :  22.06.2023