20.06.2023ж кәсіби-бағдарлау жұмысы

20.06.2023 жылы 14:00-18:00 аралығында ҚазҰУ қалашығында ҰБТ тапсырушы талапкерлерге және олардың ата-аналарына профориентациялық жұмыс жүргіздім. Физика-техникалық факультетінің “Жылуфизика және техникалық физика” кафедрасының мамандықтары, атап айтсақ, Техникалық физика, Жылу энергетикасы, Стандарттау және сертификаттау  мамандықтары жайлы нақты ақпараттар мен осы мамандықтардың буклеттерін үлестірдім.

Физика математика пәнін таңдаған талапкерлерге және ата -аналарына түсінік жұмыстарын жүргізу барысында “Техникалық физика” мамандығына 75 балл жинаған Амантаева Аружан, Алкен Айбек, Еламанова Кунсулу, сонымен қатар “Стандарттау және сертификаттау” мамандығына 101 балл жинаған Жалғасбай Аяулым, Мухбулова Назгум есімді талапкерлерді осы мамандықтар қызықтырып, байланыс телефондарымызбен алмастық.


“Жылуфизика және техникалық физика” кафедрасының оқытушысы: Аудабай Перизат Жақыпқызы

Басылым күні :  21.06.2023