Кафедра аға-оқытушылары Іле ауданындағы мектептерінде түлектермен кездесу жүргізді

16.05.2023 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, физика-техникалық факультеті, жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасының ұстаздары Максутханова Ардақ, Таженова Маржан, Қалтай Толғанай, Аудабай Перизат және факультеттің бағыт-бағдар беру жұмысына жауапты Куйкабаева Айжан Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылының № 28 гимназиясы, № 12 мектебі, Ынтымақ ауылының № 46 мектебі, Қоянқұс ауылының № 47, №1 мектептерінің биылғы жылғы бітіруші түлектерімен кездесіп, бағыт-бағдар беру жұмысын жүргізді. Мектептердің ішінде әсіресе № 47 мектеп оқушылары тарапынан кафедра мамандықтарына деген қызығушылық туындағаны байқалды. Ұстаздар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, телефон нөмірлерімен алмасты. Оқушыларға «физика» пәнінен білім беретін мұғалімдері де өзіміздің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері екен. Бағыт-бағдар беру шаралары әрі қарай да жалғасын таппақ.

 

Басылым күні :  18.05.2023