Проф.С.Ж.Багитова Әуезов ауданындағы 42 мектебінің 11 сынып оқушыларымен кездесу жүргізді

9.02.2024 күні "Жылуфизика жане техникалық физика" кафедрасының кәсіптік бағдар беру жоспарына сайкес проф.С.Ж.Багитова Әуезов ауданындағы 42 мектебінің 11 сыныбының 6 сыныбына (3 орысша жане 3 қазақша сынып, 87 оқушы) оқушыларымен кездесіп,оларға ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетиндегі, жылуфизика және техникалық физика кафедрасындағы мамандықтар туралы, бітіруші мамандардың келешектегі жұмыс атқару салалары туралы, факультетиміздің қос дипломды жүйесі туралы, шетелдік жоғарғы оқу орындарымен халықаралық байланыс туралы, мобильді оқу туралы жане басқа да түрлі ақпараттар беріліп, оқушылардың көкейіндегі сұрақтарына жауап қайтарылды.

Басылым күні :  10.05.2023