Данлыбаева Ақтолқын Кентайқызы № 7 ЖББМ оқушыларымен кездесу өткізді

Жылу физика және техникалық физика кафедрасының 2022-2023 оқу жылына арналған кәсіби бағдарлау іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында аталған кафедраның аға оқытушысы Данлыбаева Ақтолқын Кентайқызымен Алматы қ. Медеу ауданы 7 ЖББМ оқушыларымен кездесу өткізілді. Аталған шара барысында болашақ мектеп түлектеріне кафедраның мамандықтары туралы ақпарат ұсынылды. Кафедра мамандықтарына мектептің болашақ түлектері тарапынан қызығушылық танытылды.

Басылым күні :  10.05.2023