Әмір Бақыт Тілеулесұлы мектеп оқушыларымен кездесу жүргізді

Жылу физика және техникалық физика кафедрасының 2022-2023 оқу жылына арналған кәсіби бағдарлау іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында аталған кафедраның аға оқытушысы Әмір Бақыт Тілеулесұлымен Алматы қ. №61 жалпы білім беру мектебінің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Аталған шара барысында болашақ мектеп түлектеріне кафедраның мамандықтары туралы Әмір Бақыт Тілеулесұлы ақпараттарды таныстырып, ұсынды. Кафедра мамандықтарына мектептің болашақ түлектері өз тараптарынан қызығушылықтарын танытты.

Басылым күні :  11.04.2023