«Елге ынтымақ, Жерге күншуақ керек!» тақырыбындағы танымдық бағытта ашық тәрбие сағаты

23 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, физикалық-техникалық факультетінің жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасының СжС - 247 тобының 2 курс студенттері мен оқытушыларының қатысуымен Республикамызда мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Елге ынтымақ, Жерге күншуақ керек!» тақырыбында ашық танымдық тәрбие сағаты өтті.

Студенттер әлемдегі көп ұлтты мемлекеттер мен Қазақстан республикасының ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан мемлекет ретінде қалыптасуын өздерінің шағармашылық ізденістерінің нәтижесінде дайындаған материалдары арқылы көрсете білді. 

Өткізілген іс-шараға байланысты СжС-247 топ куратор-эдвайзері Айгүл Камзаевна өзінің жылы лебізін білдірді:

Кеш жарық құрметті, әріптестер! Өз әдетім бойынша, өткен күн нәтижесі туралы ой қорытып, Сіздермен бөліссем деп ем. Бүгінгі өзімнің тобыммен өткен онлайн ашық тәрбие сағатына арнайы уақытын бөліп қатысқан әріптестеріме рақмет! Сіздердің пікірлеріңіз және айтқан тілектеріңіз маңызды, себебі білім алушыны жаңа қырынан көру немесе педагогты көзқарасы бойынша басқа жағынан тану үлкен тәрбиелік маңызға ие. Оның үстіне ҚазҰУ студентінің моделін қалыптастыру білікті маманды даярлаумен қатар, азаматтық санасы жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру міндетінен тұратынын ескерсек, білім берумен қатар, тәрбие сағаттарының алатын өзіндік орны бар. Мүмкіндігінше, осындай іс-шаралардың мәнді де, мағыналы өтуі үшін аз маз уақытты бөлсек құба құп болар еді. Студенттердің қазіргі онлайн режиміндегі күйі де жанданып, бізде бір бірімізбен кездесіп және тәжірибе алмасу жүзеге асатын еді. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, ауырмаңыздар!

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының білікті аға-оқытушысы Нұрипа Қырғызбайқызының тәмамдаған пікірі: 

Кеш жарық, әріптестер! Бүгін Айгүл Камзаевна жетекшілік ететін СжС - 247 тобының студенттерімен жоғарғы деңгейде өткен ашық тәрбие сабағына қатысып, жастардың шағармашылығы мен ізденістеріне, қажетті мәліметтер тауып, әсерлі жеткізе білетіндіктеріне куә болып, ризашылықпен қуанып отырмын.

Осындай жауапкершілікпен дайындаған іс-шараларына ұстаздарының қатысып, пікір - тілек білдіргендігі студенттер үшін өте маңызды. Әбсаттар ағайларының: - Мен сендерге сенемін, жақсы оқып, білікті маман болыңдар, - деген сөздеріне олар қанаттанып, қуанып қалды.

Шебер ұстаз Сариева Айгүл Камзаевнаның әрбір өткізген іс-шарасы нағыз мастер-класс! Жас мұғалімдер қатысып, үйренсе, сабақ алса, тәжірибе жинақтаса, нұр үстіне нұр болар еді. Рахмет.

Басылым күні :  28.04.2021