"Жастар және дін: таңдау дилеммасы"

2015 жылдың 24 ақпанында «Кипр» сараптау тобы Қазақстандағы Ф.Эберт атындағы Фонд өкілдігі мен Сорос-Қазақстан Фондымен бірге ұйымдастырған «Жастар және дін: таңдау дилеммасы» атты талқылау өтті.

Бұл жиынға арнайы шақыру бойынша ҚазҰУ-ң атынан философия кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты О.М.Борецкий қатысты.

Кездесуде мынадай сұрақтар талқыланды:

Әлемде діншілдіктің өсуі немен байланысты? Жастардың өмірінде дін қандай рөл атқарады? Діншілдікті немесе зайырлылықты таңдауда жастар қандай тұғырнамалар мен өлшемдерді ұстанады? Жастардаң дінді таңдауының немесе таңдамауының себебі не? Діндердің мүмкіндіктерін еліміздің дамуы мен жаңғыруында қалай пайдалануға болады? Таңдау дилеммасының жастар, қоғам және жалпы ел үшін маңызы мен қауіп-қатері қандай?

Талқылауға жас және тәжірибелі сарапшылар, дінтанушылар, теологтар, философтар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, экономистер, психологтар, дін мен саяси партиялардың, тәуелсіз қоғамдастықтар мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, блогерлер мен журналистер қатысты.

Басылым күні :  25.03.2015