Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

     

Философия кафедрасында өткізілетін тәрбие жұмыстарының мақсаты – жоғары мәдениетке, зиялылыққа, әлеуметтік белсенділікке ие Қазақстан Республикасының азаматын және патриотын, болашақта бәсекелестікке қабілетті маманды жан-жақты дамыту. Кафедраның тәрбиелік іс-шаралары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттінің «100 кітап», «Грин кампус», «Салауатты өмір салты», «Айналаңды нұрландыр» жобалары аясында өтеді. Кафедрада 7 куратор-эдвайзер, 2 студенттік клуб («Кіші Фараби Академиясы», «Smart-cinema») жұмыс істейді. «Философия» мамандығының студенттері республикалық және жергілікті жастар ұйымдарының қызметтеріне, олимпиадаларға, жобаларға, байқауларға, спорттық шараларға, университет пен қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілітін сенбіліктерге белсенді қатысады. Оқуда озат, университет пен кафедра іс-шараларына белсенді қатысқан студенттерге жыл сайын демеушілердің атынан шәкіртақы тағайындалады.

 

  Шара Өткізілген күні Сипаттама және фото
  100 кітап 17.04.2019

2019 жылдың сәуір айының 17-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті философия кафедрасының оқытушысы Ержанова А. физика-техникалық факультеті «РЭТ-219» мамандығының студенттерімен «100 кітап» жобасының аясында әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің «Философияны үйренудің алғышарттары» трактатына талдау жүргізді.

  100 кітап 4.04.2019

2019 жылдың 4 cәуірінде

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті философия кафедрасының оқытушысы Ж.Н. Бекенова «100 кітап» жобасы аясында География және табиғатты пайдалану факультеті «геодезия және картография» мамандығының 2 курс студенттерімен Орта ғасырдың ғұлама ойшылы әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактаттарын, ізгілікті қоғам болмысының негізгі тетіктері мен қажетті шарттары туралы ойларын бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен салыстыра талдады.


  100 кітап 30.11.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті илософия кафедрасының оқытушысы Бекенова Ж. ұйымдастыруымен «100 кітап» жобасының аясында Философия және саясаттану факультеті «Педагогика және психология» мамандығының студенттері Батыс Еуропалық ортағасыр философы А. Августиннің «Құдай қаласы» атты еңбегін талдады. Студенттер еңбекті талдау арқылы христиан теологиясы және оның ерекшелігімен танысты.


  Опера және балет театрының спектаклін тамашалау 14.11.2019

"Философия" мамандығының студенттері кафедра профессорларымен бірге Абай атындағы опера және балет театрына барып, "Севиль шаштаразы" қойылымын көрді. Олар қойылымнан керемет әсер алып, Ренессанс философиясы бойынша білімдерін толықтырды.

 

 

   Кураторлық сағат
 29.10.2018

Кураторлық сағат.

Жас отбасы бейнесін қалыптастыру, ата-ана болу жауапкершілігін сезінуді қолдау, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында 29.10.2018 ж. куратор Ж.А.Әмірқұлова «Философия» мамандығының 1 курс студенттерімен кураторлық сағат шеңберінде «Жас Отбасы» атты семинар-тренинг өткізді. Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі екені жастарға түсіндіріліп, демографиялық (құрылымы бойынша: толық және толық емес,т.б.), әлеуметті – мәдениеттілік (ата – ананың сауаттылық деңгейі, қоғамдық өмірдегі қызметі), әлеуметтік – экономикалық (мүліктік сипатты, күнкөріс жағдайы) жағынан қарастырылды.

 

  Кім Асар шатқалына саяхат 7 қазақ 2018 ж.

Философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева, кафедра оқытушылар Ержанова А., Бекенова Ж. "Философия" мамандығының 1 курс студенттерімен бірге "Кім Асар" шатқалына саяхат жасады. Балалар таза ауада демалып, ұмытылмас әсер алды!

  Сидней Олимпиадасының чемпионымен кездесу  16 ақпан 2018 ж.

 Философия Кафедрасының Кіші Фараби академиясы және "Философия" мамандығының 4 курс студенттері Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақтың әйгілі азаматы Ермахан Ибраимовпен тағылымды, жастарға берері мол кездесу өткізді. Әңгімесін Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының аясында өрбіткен қонағымыз жастардың сұрақтарына жауап бере отырып, өмірлік мақсатты таңдау, оған жету жолында талмай еңбектену, салауатты өмір салтын ұстану, адами құндылықтарға ұмтылу және тағы басқа мәселелер туралы ойларымен бөлісті. Ойы терең, тілі шешен, уақытының тығыздығына қарамастан, жастармен жүздескен Ермахан Ибраимовқа алғысымызды жеткізіп, философиялық кітаптар сыйладық. Өрлей беріңіз, қазақтың батыр азаматы!

  Дүниежүзілік Философия күні 15.11.2017

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің Философия кафедрасы Дүниежүзілік Философия күнін ерекше атап өтуді дәстүрге айналдырған. Осы жолы қазақтың ғұлама философы О.А.Сегізбаевтың "История казахской философии" еңбегінің қазақша нұсқасының тұсаукесеріне арналған мазмұнды да қызықты, жастарға тағылымы мол Дөңгелек үстел өтті.

  Номадтанушы ғалыммен кездесу 3 қараша 2017 ж.

2017 жылдың 3 қарашасында ҚазҰУ Философия кафедрасы Кіші Фараби академиясының мүшелері философия ғылымдарының кандидаты Н.Әмреқұловпен кездесіп, оның "Көшпелілер философиясы" дәрісін тыңдады. Жиынға кафедра студенттері, магистранттары, докторанттары ғана емес, профессорлар С.Еділбаева, Л.Асқар, П.Сүлейменов, Қ.Нұрғалиев, Ш.Әлиев қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

 

  Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайымен танысу
 26 қазан 2017 ж.

ҚазҰУ "Философия" мамандығының студенттерін Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына барып, Ә.Қастеев, Г.Исмаилова, А.Ғалымбаева, С.Мәмбеев, Ш.Сариев, Ж.Шарденов, Е.Лизогуб және тағы басқа суретшілердің шығармаларымен, қазақтың сурет өнеріндегі бағыттармен танысты. Балалар суреттерден керемет әсер алып, әрбір туындыны мұқият тал талдады.

 

  Тілдер күні

21 қыркүйек

2017 ж.

2017 жылдың қыркүйек айының 21-де Философия кафедрасы ҚР Тілдер күні мерекесіне арналған шара өткізді. Әсіресе, 1 курс студенттері Құсайынова Ақнәзік, Мырза Ернат, 3 курс студенттері Мырзағұлов Рамазан, Жарылқасын Бекқали, 4 курс студенті Мейрамбекова Айымның, кафедраның аға оқытушысы, PhD, төрт тіл меңгерген Құдайбергенова Назгүлдің баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды.

  Ә.Қастеев атындағы өнер музейіне бару 30 наурыз 2017 ж.

Философия кафедрасының студенттері мен оқытушылар белгілі суретші Ш.Сариевтің Ә.Қастеев атындағы өнер музейі ұйымдастырған көрмесінің ашылуына қатысты. Өнер әлемімен танысқан олар зор әсер алды.

  Философиялық кездесулер Клубы 3 наурыз 2017 ж.

2017 жылдың 3 наурызында Философия кафедрасы "Философиялық кездесулер Клубын" ашты. Оның алғашқы қонақтары ҚР БҒМ ҒК Философия институтының және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әйел философтары болды.

  Салауатты өмір салты 28 қаңтар 2017 ж.

Философия кафедрасының студенттері 28 Қысқы Универсиаданың ашылуына қатысты.

  100 кітап 5 желтоқсан 2016

Кафедра меңгерушісі Нұрышева Г.Ж. және ассистент Жалмағамбетова С. "Философия" мамандығының 3-курс студенттерімен финн ғалымы Иллка Тайпаленің "Финляндияның 100 инновациялық жобасы" кітабын талқылады. Студенттер Финляндияның білім беру, мәдениет, ғылым, спорт және т.б. салаларындағы жетістіктері туралы баяндады. Нұрышева Г.Ж. Финляндияға ғылыми іссапармен барғанда алған әсерлерімен бөлісті.

  Өзіңмен танысу 18 сәуір 2016 ж.

18.04.2016. SLS HOMO жетекшісі доцент Мямешева Г. Х.  георгафия және табиғатты пайдалану факультетінің СҒК-ң шақыруы бойынша "Өзіңмен танысу" атты семинар-тренинг өткізді. Ол геофактің 1 залында сағат 18 сәуір 14.20-17.15.бастап өтті және география және табиғатты пайдалану, химиялық және физика-техникалық факультеттерінің студенттері қатысты.

  «Cалауатты өмір салты» 8 сәуір 2016 ж.

8.04.2016 ж. Философия кафедрасы «Cалауатты өмір салты» жобасы аясында салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асыру мақсатында С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ-нің мамандарының қатысуымен тәрбиелік іс-шара өткізді. «JWH шегетін қоспалар» тақырыбында дәріс оқылып синтетикалық есірткілердің зиянды әсерлері туралы декректі фильм көрсетілді.

Дәріс соңында студенттер қызықтырған сауалдарына толыққанды жауап алды.

      Ұйымдастырушы Ж.А. Әмірқұлова 

  Салауатты өмір салты 4 наурыз 2016 ж.    Құс тұмауы, доңыз тұмауы және ЖРВИ-дің  таралуына байланысты философия кафедрасының оқытушылары физика-техникалық факультетінің студенттерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Формацевт-провизор Мырзахметова Н.А. тұмаудың алдын алу және одан дұрыс жолмен емделу жайлы кеңестер берді. 

   Ұйымдастырушылар: Нұрышева Г.Ж., Сырғакбаева А.С., Барақбаева Т.А., Дағжан Ж.  

  "Green Campus" 10 наурыз 2016 ж.        2016 жылдың 10 наурызында «Философия» мамандығының 3 курс студенттері мен 2 курс магистранттары "Green Campus" аясында макулатура жинауды ұйымдастырып, қоршаған ортаны сақтау ісіне өз үлестерін қосты.

      Шараны өткізуге философия кафедрасының меңгерушісі Нұрышева Г.Ж. және меңгерушінің орынбасарлары Әмірқұлова Ж.А. мен Рамазанова Ә.Х., оқытушы Қонаева Г.М. басшылық етті.

  "Дін және жастар" тақырыбына әңгіме 17 ақпан 2016 ж.   2016 жылдың 10 ақпан күні Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Дін және жастар» атты тақырыпта Дөңгелек  үстел  мәжілісі өтті.

   Дөңгелек үстел қонағы - ҚР БҒМ ҒК Философия  саясаттану және дінтану институты  дінтану  бөлімінің  меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Б.М.Сатершинов қазіргі заманғы діни ағымдар туралы баяндап, студеттердің сұрақтарына жауап берді. 

  Ұйымдастырушы: философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы П.М.Сулейменов.

  Smart-Cinema" клубында 28 қаңтар 2015 ж.

2016 жылдың 28 қаңтарында "Smart Cinema" клубының бесінші шарасы өтті. Ол "Библия мазмұны" тақырыбына ("Сенім және наным" концептерін бекіту) арналды.

Алматы Халықаралық мектебінің, №1 мектеп-гимназиясының және "Мирас" мектебінің оқушыларына Көнеөсиет мазмұнына және ежелгі мифтерге негізделген, белгілі тұлға Нойға арналған "Ной" фильмі (2013, АҚШ) көрсетілді.

Киноклуб басшысы, философия кафедрасының доценті О.М.Борецкий мен әдебиет пәнінің оқытушысы Л.Титова тұлғаның қалыптасуындағы экологиялық және этикалық категориялардың, мифология мен діннің мәдени-тарихи рөлін атап өтті. Кешіру және сынау ұғымдарына ерекше назар аударылды. Оқушылар көрсетілім қорытындылары бойынша эссе жазып, фильмді бағалайды және өздері алған әсерлерін баяндайды.

 

 

Ғ.Мүсіреповтың шығармашылығына арналған мәдени-тәрбие шара

 

11 желтоқсан 2015 ж.

2015 жылдың 11 желтоқсанында"Айналаңды нұрландыр!" жобасы аясындаНұрышева Г.Ж., Еділбаева С.Ж., Әмірқұлова Ж.А., Рамазанова А.Х., Нығметова А.Т. және магистрант Д.Канапияеваның ұйымдастыруымен "Философия" мамандығының студенттері Ғ.Мүсреповтың шығармашылығына арналған мәдени-тәрбие шарасына қатысты. "Сағым қуғандар" спектаклін тамашалаған олар жастардың адамгершіліктік және рухани келбеті туралы терең ой түйді.

  "Алғашқы сессияға дайындық" ашық кураторлық сағаты 8 желтоқсан 2015 ж.

2015 жылдың 8 желтоқсанында "Философия" мамандығының1 курс студенттеріне«Алғашқы сессияға дайындық»атты ашық кураторлық сағат өткізілді, кездесу барысында студенттерді нормативтік құжаттармен таныстырып, емтихан кезіндегі нұсқаулықтар түсіндірілді.

Ұйымдастырушылар:Г.Ж.Нұрышева, А.Х. Рамазанова, Ж.А. Әмірқұлова, Г.М. Қонаева.

  Фридрих ницшенің кітабын талқылау 3 желтоқсан 2015 ж.

Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы 3.12.2015 «100 кітап» жобасы аясындағы Ф. Ницшенің «Біздің білім беру мекемелеріміздің болашағы туралы» шығармашылық мұрасына арналған мәдени-тәрбиелік шарасын өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ф.ғ.д., профессор Г.Ж. Нұрышева, ф.ғ.д., доцент Еділбаева С.Ж.

Келем деуші барлық студенттер, магистранттар, докторанттар және кафедра қызметкерлері шақырылды.Шығармашылық аяда өткізілген талқылауда философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышева кіріспе сөз сөйледі

Ол кітап оқудың үлкен рөлін атап өтіп, "философтардың шығармаларын оқып отырып, біз олардың идеяларын қамтимыз, жаңа нәрселерді үйренеміз, дүниетанымды кеңейтіп және сөздік қорын байытуға болады" деді.Аса ғұлама философтың өмірі мен шығармашылығы туралы 2-курс студенттері Кайрат Т., Лим А.С., және Абирбек С. баяндады.Фридрих Ницшенің «Біздің білім беру мекемелеріміздің болашағы туралы» шығармасындағы негізгі танымдық идеяларды туралы Красикова В., Абдуманапова Д, Пак Р., Кабдыкенов Р. Т., Данилин Н., Русакова В. және тағы басқа студенттер талқылады. Ницше нақты білім беру классикалық әдебиет, антикалық философия және ежелгі грек өнер арқылы мүмкін деп санайды.Талқылауға журналистика факультетінің студенттері белсенді қатысты.Еділбаева С.Ж. талқылау қорытындысын жасады. Ол студенттерге жақсы тілектер айтып, болашақ журналистерге классикалық философияны оқу туралы кеңес берді.

  ҚР Президентінің отаны - Қарсай ауданының өлкелік-тарихи мұражайы 27 қараша 2015 ж.

 

27 ноября 2015 жылдың 27 қарашасында философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева, кафедра меңгерушісінің орынбасарлары Ж.А.Әмірқұлова, А.Х.Рамазанова және "Философия " мамандығының магистранттары Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев дүниеге келген Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейіне барды. Қаскелең қаласындағы бұл музейде Елбасының отбасы мен мектептегі жылдары туралы мұрағғатардың бай топтамасы жинақталған. Олармен және Президенттің оқушылық өмірі өткен әдемі табиғат магистранттар мен оқытушылардың бойында ұмытылмас әсер қалдырды.

  "Тіл тірегіміз - соғып тұрған жүрегіміз! - тәрбиелік шарасы 25 қыркүйек 2015 ж.

 

2015 жылдың 25 қыркүйегінде Философия кафедрасының аға куратор-эдвайзеріТ.А.Барақбаева "Философия" мамандығының 2 курс студенттерімен Мемлекеттік Тілдер күніне арнап "Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!" атты тәрбие сағатын өткізді. Кафедра меңгерушісі Нұрышева Г.Ж., меңгерушінің орынбасарлары Әмірқұлова Ж.А., Рамазанова А.Х. қатысқан тәрбие сағатындаЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың елімізде жүргізіп отырған тілдік саясатының тигізіп отырған оң әсерлері талқыланды.Тіліміздің өз отанымызда қаншалықты беделді және қолданылатын деңгейі қандай деген сұрақтарға топ студенттері өз көзқарастарын білдірді.

  "Жастар Үйіндегі" семинар
11 наурыз 2015

Философия кафедрасының оқытушысы А.Б.Абилкаламова Алматы қаласы әлеуметтік мекемелері түлектерін бейімдеу және қолдау орталығында білім беру-тәрбие жұмысын өткізді. Сабақ философиялық тренинг түрінде өтті және аудиторияның қызығушылығын тудырды.

  Атаулы шәкіртақылар тапсыру
23 ақпан 2015

2015 жылдың 23 ақпанында Ректорат мәжілісінде "Философия" мамандығының үздік студенттері мен магистранттарына жалпы көлемі 1 млн.100 мың теңге шәкіртақы тапсырылды.

Картинка не найдена или некорректна

  Желтоқсан оқиғаcы - тәуелсіздік алғышарыт 9 желтоқсан 2014

«Кіші Фараби Академиясы» 2014 жылдың 9 желтоқсанында университет студенттерінің отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін арттыруға, қазақ жастарына тәуелсіздіктің бағасын түсіндіруге арналған «Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік алғышарты» атты дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді.

Картинка не найдена или некорректна

  "100 кітап". 100 жылдық махаббат
6 желтоқсан 2014

6-желтоқсан 2014 ж. философия кафедрасының меңгерушісі Нұрышева Г.Ж., кафедра оқытушыларыА.Х. Рамазанова, Джаамбаева Б.А., Баракбаева Т.А., Дагжан Ж., кафедар студенттері мен магистранттары «100 кітап» жобасы аясында М.Әуезов атындағы драма театрында Мағжан Жұмабаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жүз жылдық махаббат» атты спектакльді тамашалады.

Картинка не найдена или некорректна

  М.Әуезов мұражайына экскурсия
25 қазан 2014

Философия кафедрасының студенттері «100 кітап» жобасы аясында философия кафедрасының студенттері қазақтың атақты жазушысы М.Әуезовтің мұражай-үйінде экскурсияда болды. Экскурсия барысында студенттер жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты ақпараттар алып, «Абай жолы» роман-эпопеясын талқылады.

Картинка не найдена или некорректна

  Қарттар үйі
21 қазан 2014

21 қазан 2014 жылы сағат 11-00 де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Бастан кешкен, көз көрген» атты тақырыпта қарттар күніне байланысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының оқытушылары Әмірқұлова Ж.А., Рамазанова А.Х., Ж.Қазиеваның, кафедра магистранттары мен журналистика факультеті студенттерінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Ардагерлер үйінде мерекелік іс-шара өткізілді.

Картинка не найдена или некорректна

  100 кітап. Конфуций. "Лунь Юй" 14 қазан 2014

2014 жылдың 14 қазанында сағат 10:20 "Философия" мамандығының 3-курс студенттері «100 кітап» жоба аясында Конфуцийдің «Лунь Юй» еңбегін талқылады.

Картинка не найдена или некорректна