Кафедраның марапаттаулары мен жетістіктері

 17.04.2019. "Философия" мамандығының студенттері Философия пәні бойынша Республикалық Олимпиадада 1 орынға ие болды.
 13.04.2019. Кафедра университеттің "Тазалық байқауында" 2-орынға ие болды.
 15.02.2019. Кафедра доценты, философия ғылымдарының кандидаты Джаамбаев Б.А. "Жылдың үздік ұстазы" атағына ие болды!
15.02.2019. Кафедра профессоры, философия ғылымдарының докторы Сырғақбаева А.С. "Жылдың үздік ұстазы" атағына ие болды!
2018 жылдың қыркүйегі. ҚР білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (NKAOKO) 2018 жылғы Қазақстан ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "6М020100- Философия" бағдарламасына  1-орын берді!
 2018 жылдың қыркүйегі. ҚР білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (NKAOKO) 2018 жылғы Қазақстан ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің "5В020100- Философия" бағдарламасына  1-орын берді!
Кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж.Нұрышеваның "Қазақстанның Ашық университеті" жобасы бойынша "Философия" пәнінен lдайындаған видеодәрістері https://openu.kz/kz   сайтында 2018 жылдың 9 ақпанында шықты.

2018 ж. 25 қыркүйек. Кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж.Нұрышева мен афедра доценті, философия ғылымдарының кандидаты Г.З.Әбдірасылова Елбасының "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық" жобасына қатысып, Дерек Джонстонның "A Bref History of Phlоsophy" еңбегін қазақ тіліне аударды.
 Философия кафедрасы Наурыз мерекесіне аясында өткізілген "Тазалық аптасында" 3-орынға ие болды.
 Кафедра профессоры Марат Шамұратұлы Хасанов "2016 жылдың үздік оқытушысы" атағына ие болды!
 2016 жылдың 27 қыркүйегінде кафедрасының "Doctor of Philosophy" білім беру бағдарламасына Сапа және аккредитациялау Институтының (Байройт қаласы, Германия) сертификаты берілді!
2016 жылдың 4 наурызында "Философия" мамандығының 4 курс студенті Зұлхарнай Азамат Оқу жетістіктерін сырттан бағалау нәтижесі бойынша 5В020100 Философия мамандығының оқу бағдарламасынан үздік білім көрсеткендігін куәландыратын ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің сертификатымен марапатталды
2016 жылдың 4 наурызында "Философия" мамандығының 4 курс студенті Ержанова Айдана Оқу жетістіктерін сырттан бағалау нәтижесі бойынша 5В020100 Философия мамандығының оқу бағдарламасынан үздік білім көрсеткендігін куәландыратын ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің сертификатымен марапатталды

4 наурыз, 2016 ж.

Философия кафедрасы "Философия" мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламаларын аккредитациялаудан табысты өтіп, Германияның Байройт қаласының аккредитация және сапа Институтының сертификатына (2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін) ие болды.

 

4 наурыз, 2016 ж.

Философия кафедрасы "Философия" мамандығы бойынша бакалаврларға білім беру бағдарламаларын аккредитациялаудан табысты өтіп, Германияның Байройт қаласының аккредитация және сапа Институтының сертификатына (2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін) ие болды.






10 қыркүйек 2015 ж.

"6М020100 - Философия" мамандығы бойынша ҚазМУ Аккредитация және Рейтинг Ұлттық Агенттігі рейтингінде 1-орынға ие болды.

10 қыркүйек 2015 ж.

"5В020100 - Философия" мамандығы бойынша ҚазМУ Аккредитация және Рейтинг Ұлттық Агенттігі рейтингінде 1-орынға ие болды

10 маусым 2015 ж.

Авторлар құрамында кафедра қызметкерлері Г.Ж.Нұрышева, Б.А.Джаамбаева, А.С.Сырғақбаева бар "Әл-Фараби және қазіргі заман" еңбегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік басылымы (әлеуметтік-гуманитарлық бағыт) бойынша үздік деп танылды

18.03.2015. "Философия" кафедрасы ҚазҰУ кәсіподақ комитеті жыл сайын өткізетін "Тазалық апталығы" байқауының "Үздік кафедра" номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болды.
11.11.2014. ҚР Білім Және Ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 5В020100 «Философия» мамандығы бойынша бакалаврлар дайындауда үздік деп танып, 1-орынмен марапаттады