Smart-Cinema

 2016 жылдың 6-қарашасында «Цезарь»  кинотеатрында философия кафедрасы  және «Вензь» Польша мәдениетінің Орталығы Польша Республикасының Бас Консулдығының қолдауымен кафедра доценті О.М.Борецкийдің киноклубы аясында «Сибириада» (реж. Януш Заорски) фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. Фильм поляктардың Қазақстанға жаппай жер аударылуының 80-жылдығына арналған. Шара Қазақ Ұлттық университетіндегі ғылыми конференциядан кейін өтті. Фильм көрсетілімінің алдында О.М.Борецкий "ХХ ғасыр тарихындағы Польша киносы" тақырыбына баяндама жасады. Фильмнен кейінгі талқылауда көрермендер, студенттер мен оқытушылар әсерлерімен бөлісті.


Басылым күні :  08.11.2016