100 кітап. К.Маркс. "Капитал"

  2016 жылдың 29 сәуірінде Философия кафедрасының оқытушылары Г.З.Абдрасилова және Т.А.Барақбаева «100 кітап» бағдарламасы шеңберінде Химия факультетінің екінші курс студенттерімен 19-шы ғасырдың әйгілі саяси экономисі, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы Карл Mаркстің «Капитал» еңбегін талдады.

  Экономикалық теорияның классиктері А. Смит, Д.Рикардо, қазіргі американдық экономистер П.Самуэльсон мен У. Нордхауздың, француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсондардың капиталға берген (ақша, бағалы қағаздар, қаржылар, адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы, уақыт, адамдар) анықтамаларын талдады.

  Капиталдың мәнін толыққанды етіп ашқан К.Маркс болды: «Капитал (латын сөзінен «басты», «басым», «негізгі») - игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланылатын игілік. Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн» - екенін негіздеді.

  Студенттер капиталистік қоғамның теоретигі болып табылатын Маркстің «Экономикалық сфера – қоғам өмірінің басқа да әлеуметтік институттарының сипатын анықтаушы» деген көзқарасымен келісетіндігін тұжырымдады.


Басылым күні :  05.05.2016