100 кітап. Томас Мор. Утопия

2016 жылдың8сәуірінде Философия кафедрасының оқытушылары Ә.Н.Бұхаев, Г.З.Абдрасилова, Т.Барақбаева және Ж.Дағжан «100 кітап» жобасы шеңберінде Химия факультетінің қазақ бөлімінің екінші курс студенттерінің қатысуыменXVI ғасырдағы ағылшын гуманисіутопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі Томас Мордың «Утопия» атты кітабын талдады.

Меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке, демократиялық басқаруға, азаматтарға берілетін тең мүмкіндікке, еңбектің теңдігіне негізделген қоғамдық құрылыс идеясын баяндайтын бұл еңбек «Жерұйық» туралы қазақ халқының ежелгі арманымен үндеседі.

Талдауға қатысушыларағылшын утописінің гуманистік ойларын сипаттады, өзектілігінің себептерін анықтады және адамзат тарихына белгілі грек, итальян, қазақ ойшылдарының (Платон, Аристотель, Томаззо Кампанелла, Асан Қайғы, Әл Фараби) әлеуметтік утопияларына аналогия әдісін қолдана отырып салыстырмалы тұжырымдамалар жасады.

 

Басылым күні :  19.04.2016