Smart Cinema.«Музыка» тақырыбын талқылау

   2016 жылдың 14 сәуірінде "Smart Cinema" бағдарламасы бойынша осы оқу жылындағы жетінші шара өткізілді. Ол "Музыка" тақырыбына арналды ("Тұлға. Шығармашылық" концептерін бекіту, психология, әдебиет, бейнелеу өнері пәндерінің интеграциясы). Алматы Халықаралық мектебінің, №1 гимназияның және "Мирас" мектебінің оқушыларына 1998 жылы Италияда шыққан, вундеркинд-пианистің ерекше тарихын баяндайтын "Пианист туралы аңыз" фильмі көрсетілді. Фильмнің негізгі ойы: "Қайталанбас тұлға болудан басқа ештеңе жасамаған адамның эпикалық тарихы".

Киноклубтың жүргізушісі, философия кафедрасының доценті О.М.Борецкий және әдебиет пәнінің оқытушысы Л.Н.Титова өздерінің кіріспе сөздерінде музыканың адам өміріндегі маңызын, оның "сөзсіз жеткізе алу" қабілетін атап көрсетті. Фильмнен соң балалар мен оқытушылар фильмнің басты идеясы туралы түсініктерімен және фильмнен алған әсерлерімен бөліскен шағын талқылау болды. 

Басылым күні :  16.04.2016