100 кітап. Құтадғу білік

  2016 жылдың 3 наурызында Философия кафедрасының оқытушылары Ә.Н.Бұхаев, Г.З.Абдрасилова, Т. Барақбаева «100 кітап» жобасы  аясында химия факультетінің екінші курс студенттерімен бірге Жүсіп Баласағұнның «Құдадғу білік» («Құтты білік») дастанын талдады.

  Баяндамашы-студент, Қытай азаматы Қали Дәулен Аспанасты елінің қазақтары бүгінгі күнге дейін қолданатын Ахмет Байтұрсын ендірген төте жазу ерекшеліктерін, жеңілдігін негіздеп, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітабының төте жазумен басылған кітабынан үзінділер  келтірді.

  Студенттер «Құтты білік» авторының дүние, әлем, адам, дүниені құрайтын төрт түрлі элемент, он екі бұрыш (жарық жұлдыздар), дүниенің төрт бұрышы, олардың өзара байланысы туралы түсініктерін талдады.

 Қорытынды бөлімде Жүсіп Баласағұнның дастаны адамгершілікке үндейтін, гуманизм рухында жазылған шығарма, ал автордың негізгі пікірі-әділеттік пен ақыл билеген бақытты өмір, молшылыққа кенелген тұрмыс, берекелі ел, қатал қара күшке ақыл-парасатты қарсы қойған Елбасы идеясы екендігі тұжырымдалды.

Сөз соңында Қали Дәулен тыңдаушыларға өз өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Басылым күні :  17.03.2016