Айналаңды нұрландыр! Дін мен ғылымның сұхбаты

   2016 жылдың 27 ақпанында Философия кафедрасының оқытушылары  Ә.Н.Бұхаев, Г.З.Абдрасилова, Т. Барақбаева «Айналаңды нұрландыр!» бағдарламасы шеңберінде Химия факультетінің екінші курс студенттері арасында «Дін мен ғылымның сұқбаты» тақырыбына пікірсайыс өткізді.

 XXI ғасырда космологияда, эволюциялық биологияда, компьютерлік ғылымдарда ашылған жаңалықтар адам ойлауында төңкеріс жасап, ол жаңалықтар философия, мораль, адам өмірі және дін мәселелерінде толассыз сұрақтар тасқынын тудыруда. Мысалы, ғалам қашан, қалай пайда болды? Қашан жойылады?Табиғи эволюция және құдіретті жаратылыс арасында ортақ не бар? Жан деген не? Жан бар ма? Ғылым – ақиқатқа апарар жалғыз жол ма? Адамгершілік қағидаларының негіздемесі ретінде ғылыми натуралистік түсіндірмелер жеткілікті ма?

Пікірталас барысында ғылымның бейфизикалық реалдылық туралы сұрақтарды толық қамтымайтындығы, ал діни сенімнің - ғылыми білімнен өзгеше екендігі тұжырымдалды.

Басылым күні :  08.03.2016