100 кітап. Әл-Фарабидің логикалық трактаттары

    2016 жылдың 12 ақпанында студенттер оқуға тиісті «100 кітап» жобасы аясында философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасының ұстазы Л. Асқар университеттің №9 жатақханасында ғұлама ойшыл әл-Фарабидің логикалық трактаттарын оқып үйренуге байланысты «Логика – ойлау мәдениетінің феномені» атты тақырыпта іс-шара өткізді. Ол әл-Фарабидің логикалық трактаттарының жазылу тарихын Аристотельдің «Органонымен» салыстыра отырып, түсіндіріп берді және логиканың бүгінгі жай-күйі жөнінде әңгімеледі.

   Іс-шараға философия ғылымдарының докторы Б.М.Аташ және жатақханада тұратын факультет студенттері қатысты. Тақырыпқа студенттер тарапынан қызығушылық туындап, трактаттың жазылу тарихына байланысты және логика ілімінің Қазақстанда дамуы туралы қосымша сұрақтар қойылды және ұйымдастырушылар тарапынан оған нақты жауаптар берілді.

 

 

  

Басылым күні :  18.02.2016