Айналаңды нұрландыр! Философия факультетінің түлегі Ш.Ә. Әбдірайымовтың кітаптарының Атырау университетіндегі тұсаукесері

    2016 жылдың 4 ақпанында философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева "Философия" кафедрасының алғашқы түлектерінің бірі Ш.Ә.Әбдірайымовтың "Абай жұмбақтығы - философиялық мәселе" атты үш томдық еңбегінің Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен тұсаукесеріне қатысып, баяндама жасады.

       Сонымен қатар, Г.Ж.Нұрышева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қызметі, әлемдегі үздік университеттер рейтінгіндегі 275 орны және тағы басқа жетістіктері туралы әңгімелеп, өзінің кітаптарын университет кітапханасына сыйға тартты. Олардың арасында академик Ғ.М.Мұтановтың басшылығымен жазылған "Әл-Фараби және қазіргі заман" еңбегі де бар.

    Г.Ж.Нұрышева  Атырау университетінің өзі ұстаз және ғалым ретінде қалыптасқан "Философия" кафедрасында да болып, оқытушылармен философияны оқытудың өзекті мәселелері бойынша мәжіліс өткізді.

http://www.edu.gov.kz/kk/abay-murasy-halyk-kazynasy

Басылым күні :  16.02.2016