100 кітап. Әл-Фараби. "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат"

    2016 жылдың 13 ақпанында Философия кафедрасының оқытушылары Ә.Н.Бұхаев, Г.З. Абдрасилова,Т. Барақбаева және Ж.Дағжан "100 кітап" бағдарламасы шеңберінде Химия факультетінің қазақ бөлімінің екінші курс студенттері арасында Әл-Фарабидің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарасы» трактатын талдады. Талдау барысында «Екінші Ұстаз» шығармашылығының тарихи-әлеуметтік, рухани-мәдени алғышарттары қарастырылып, ұлы ойшыл армандаған мемлекет мұратының сипаттары жіктелді. «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ойшылдың философиялық ойларының бүгінгі күнгі қоғамда, «Мәңгілік Ел» мұратын іске асыруда аса өзектілігі тұжырымдалды.

 

 

 

Басылым күні :  16.02.2016