Әл-Фараби мұрасы бойынша Фин-Қазақ Симпозиумы

  Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева және "Философия" мамандығының PhD докторанты А.Б.Досқожанова Финляндия Академиясы мен Ювяскюля университеті ұйымдастырған «Әл-Фарабидің саяси философиясы жаһандық мәнмәтінде» атты Фин-Қазақ Симпозиумына қатысты.

   Г.Ж.Нұрышева Симпозиумда «Әл-Фарабидің ізгілік қаласының басшысы туралы ілімі және қазіргі заманғы Қазақстан» тақырыбына баяндама жасады. Баяндамада ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасының өзектілігі Н.Ә.Назарбаевтың тұлғалық философиясымен және Қазақстан қоғамының жаңа даму парадигмасымен тығыз байланысты қарастырылды. Әл-Фарабидің ізгілік қаласы философиясына негізделген «Al-Farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасының мәнін ашуға ерекше көңіл бөлінді. Симпозиумға қатысушылар жобаға да, баяндамаға да үлкен қызығушылық танытып, қызу талқылады.

  Г.Ж.Нұрышева әлеуметтік ғылымдар факультетінің және философия кафедрасының қызметімен танысты, «Философия» мамандығының PhD докторанты А.Б.Досқожанованың шетелдік кеңесшісі Василейос Сироспен, Ювяскюля университетінің халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Туйа Копоненмен кездесіп, философтардың жаңа буынын дайындау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Фин ғалымдар әл-Фараби мұрасын бірлесе зерттеуге ықыластықтарын білдірді және профессор Г.Ж.Нұрышеваны өздері осы жылдың маусым айында Гумбольдт университетімен бірге өткізгелі отырған халықаралық конференцияға шақырды.

http://www.kazembassy.fi/ru/новости/2340-казахстанские-философы-приняли-участие-в-работе-международного-симпозиума,-посвященного-наследию-аль-фараби.html

Басылым күні :  21.01.2016