Айналаңды нұрландыр! Түлектер кездесуі

 Университеттік «Түлектер күні» аясында 2015 жылдың 30 мамырында философия кафедрасында түлектер кездесуі өтті. Кафедра меңгерушісі Нұрышева Г.Ж. (1980 жыл түлегі), профессор А.Г.Карабаева, доценттер Л.А.Асқар, Г.Х.Мямешева (1983 ж.түлегі), Ә.А.Құранбек, Б.Мейірбеков  (2000 ж.түлектері), А.Т.Нығметова, оқытушылар Ж.Б.Дағжан, Т.А.Барақбаева (2010 ж. түлектері) өз топтары туралы баяндады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында өткізген жылдары туралы жылы естеліктерімен философия факульетінің түлектері Ә.Бәкірұлы, В.В.Владимирская («Zona. kz» қаржы сарапшысы), Г.Қ.Есіркепова (ОҚМУ доценті) бөлісіп, өздерінің өмір жолдарын анықтауға ықпал  еткен  керемет білім бергені үшін Alma-mater мен профессорларға алғыстарын жеткізді.

Кездесуге осы жылғы түлектер де қатысып, философияның тұлға және қоғам өміріндегі рөлі туралы қызықты да пайдалы сабақ алды.

Басылым күні :  31.05.2015